Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Қолөнер-халық қазынасы" тақырыбында ұлттық колөнерден көрме сайыс

13 желтоқсан Мәртөк аудандық Мәдениет Үйі ұйымдастыруымен "Қолөнер-халық қазынасы" тақырыбында ұлттық колөнерден көрме сайыс ұйымдастырылды. Әділқазы құрамында Мәртөк аудандық музейінің директоры міндетін атқарушы Осанова Ұлдай Торалиевна, Мәдениет Үйі басшысы Ноғаев Махамбет Нұрмұхамедұлы және Әлиева Шынар апай болды.
Мәртөк ауылынан қолөнер шебері Хабзай Хазнабай ( кестелеп бізбен тігу, бисермен жұмыс,тоқу өнерімен), Алпысбаева Кәмшат (көрпе, көпшік, сый бұйымдары, қыз жасауы жабдықтары) қатысты.
Аққайың ауылынан қолөнер шебері Хадар Жанылған, Сарыжар ауылынан Сейілханова Оразбике, Кеңсахарадан Башекбаева Ұмсындық, Жайсаң ауылынан Имановтар отбасы қатысты.Родниковкадан құрғақ киіз басу картинасымен Гадильшина Гүлдерай Амитжановна.
Шеберлердің бұйымдарын, қолөнерін бағалау қорытындысы нәтижесінде:
1 орын Хабзай Хазнабай (Мәртөк ауылы)
2 орын Сейілханова Оразбике (Сарыжар ауылы)
3 орын Имановтар отбасы (Жайсаң ауылы)
"Үздік шебер" номинациясы бойынша Хадар Жанылған (Аққайың ауылы)
"Алтын қол" номинациясы бойынша Алпысбаева Кәмшат (Мәртөк ауылы)
Алғыс хат Башекбаева Ұмсындық (Кеңсахара)
Алғыс хат Гадильшина Гүлдерай Амитжановна (Родниковка)
Жалпы әр шебердің туындысы шеберлікпен, өзгешелікпен ерекшеленеді.
Бағалау барысында бірнеше бағытта қатар алып отырған шеберлер алға шықты.Құрғақ киіз басу өнерімен ерекше картина жасап, шеберлер кітабына енген Гадильшина Гүлдерайдың жаңа бағыты, жаңа серпіліс.