Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Тарихтан тағылым -тәуелсіздікке тағзым" тақырыбында кездесу, сұхбат

Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 14 желтоқсан "Тарихтан тағылым -тәуелсіздікке тағзым" тақырыбында кездесу, сұхбат алаңы өткізілді.
Желтоқсан оқиғасына қатысушы Бекназарова Шара Смагуловна қатысты.
Ақтөбе облыстық “Желтоқсан алауы” қоғамдық бірлестігінің мүшесі “Желтоқсан ардагері” Мәртөк аудандық “Желтоқсан алауы” қоғамдық бірлестігінің филиалының өкілі.
Сұхбат алаңына @martukmektepgymnasium
2 мектеп-гимназиясының тарих апталығы аясында белсенді қатысып жүрген оқушылары тартылды.Жетекшісі Дүзбасова Айдана Жеңісқызы.
Сұхбат шарасы барысында Шара Смағұлқызы желтоқсан көтерілісі кезінде өткен оқиғалармен бөлісті. Патриот жастардың отаншылдық рухы, елге және тілге деген жанашырлығы туралы баяндап өтті.Өз басынан өткен қиыншылықтарды баяндай отырып, толғандырған оқушылар сұрақтарына жауап берді.
Сұхбат барысында "Желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік бастауы" 2020 жылы түсірілген деректі фильмнен үзінділер көрсетілді."Тәуелсіздік тағылымы" көрмесі таныстырылды.
Кеш соңында @martukmektepgymnasium 10 класс оқушысы Шикалова Ақниет орындауында "Сәлем, Қазақстан" әнімен кеш мәресіне жетті.

Шара Смағұлқызы марапаттары: “Желтоқсан ардагері” төс белгісімен
ҚР Ақтөбе облысы “Желтоқсан алауы”
ҚБ “Желтоқсан -86” көтерілісінің 35 жылдық жемісті жеңісіне арналған мерекелік медалі, Мәртөк ауданы әкімінің ҚР Тәуелсіздігіне орай Мәртөк ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін төс белгісімен марапатталған.