"Музейге сый "акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 экспонат ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне және 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күндеріне орайластырып әр күні «Музейге сый» акциясы және «Музей қонақтары» сұхбаты, «Құттықтау лебізі» айдары өткізілді. Аудандық Мәдениет Үйі басшысы М.Ноғаев 2017 жылы арнайы тапсырыспен белгілі кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Қамбарбек Аманов салған "Тәңірберлі Молдабай" 80*100 өлшемді портретін, аудандық Мәдениет Үйінің әдіскерлер бөлімінің меңгерушісі Ш.Бекназарова әжесінің күміс білезігі мен қамзолын сыйға тартты. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Қ.Сүйінғалиева 2008 жылы «Илигай» әжелер ансамблі құрылғанда киген қамзолы мен білезігін тарту етіп, «Алғыс хат» табыстады.