Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Қолөнер шебері Каримбердиева Калимаш Жұмағалиқызының өз қолымен тоқыған басқұрды музей қорына тапсырды

Бұл басқұрдың ені 25 см, ұзындығы 4 метр 50 см. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Басқұр: жүн теру, түркімен теру және қимадеп үшке бөлінеді. Жалпы ол түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқылады. Бұл басқұрды жалпақ тоқу себебі киіз үйдің керегесі мен уығының қосындысы. Керегеге уық бекітіледі. Сол кезде ағашы болмашы сыртына қарай шодырайып шығып қалады. Сол шодырайып шығып қалған ағаш киізді қажап кетпеу үшін осы басқұрды тұтады. Сол кезде басқұр керегені, уықты жартылай жауып тұру керек.