Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Ұлы Отан соғысының ардагері Елеманов Тұрмұхамбет Жүсіпұлының туғанына 100 жыл толуына орай музей қорына альбом сыйға тартты

9 мамыр Жеңіс күніне орай Әлия Тұрмұхамбетқызы Елеманова әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Елеманов Тұрмұхамбет Жүсіпұлының туғанына 100 жыл толуына орай музей қорына альбом сыйға тартты. Елеманов Тұрмұхамбет Жүсіпұлы 1923 жылы 7 шілдеде Мәртөк ауданындағы Құмсай колхозында дүниеге келген. Сталинград шайқасына қатысты.
«Орден Отечественной войны 2 степени» ордендерімен, «За Победу над Германией», «За освоение целинных земель», «Отличный связист» медальдарымен марапатталған.