"МУЗЕЙГЕ СЫЙ" акциясы аясында азаматтық қорғау аға лейтенанты Әли Омаров әкесі ауған ардагері Целинный ауылында туып өскен, қазірде Ақтөбе қаласында тұратын Омаров Сапарғалидың ауған жерінде әскери борышын өтеген сәттердің фотосуреттерін, әскери борышы туралы жазған қолжазбасын табыс етті. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл. Атаулы жылға орай есімі аталмай жүрген мәртөктік Ауған ардагерлерін, қалада немесе өзге облыста, шет елде жүрсе де фото-суреттер, құжаттарын музей қорына тапсыруға шақырамыз.