Ер Едіге батыр. «Едіге» жырында «Қарғалы, Елек жерінде» деп көп айтылады.
Ер Едіге батыр.
«Едіге» жырында «Қарғалы, Елек жерінде» деп көп айтылады. Ғалымдардың пікірінше, бұл жырдың Қияс нұсқасы — өте тамаша туынды. Осы нұсқада Едігенің баласы әкесін іздеп Әмір Темір еліне барғанда хан Нұраддин баладан қайдан келгендігін сұрайды. Сонда Едігенің ұлы:
— Жерім жырақ — үш айшылық шөл майдан,
Шыққан жерім — Қарғалы, Елек, Кеңсайдан, — дейтіні бар. Бұл өзендер Ақтөбе жерінде орналасқан. Бұдан Едігенің Ақтөбеге бөтен емес екендігін білуге болады, — деді Жұманазар Асанов.
Табын Бөкенбай- Бөкенбай Қарабатырұлы елінің бірлігі мен болашақ тірлігін ойлаған терең саясаткер, екі дүркін үш жүздің қолын бастаған батыр, ақылы асқан алаш арысы екені айқын. Бөкенбай батыр туралы дерек бергендердің бірі облысымызға танымал, Есет Көкіұлының 325 жылдығына арнап жыр-дастан жазған Мәртөк жерінің тумасы, ұстаз, ақын Сейітқали Жанғалиев болатын. Әнші Тәңірберген Молдабайдың да аты халыққа танымал болып, Алтын қызбен айтысының бүгінгі ортаға жетуіне де себепкер болған осы ақсақал еді.
Есет Көкіұлы 1667 (1669) жылы дүниеге келген. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіру тайпасына қарасты тама руынан. Шежіре бойынша Атамшал – Торым – Базарқұл – Көкі - Есет болып жалғасады. Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған.
Жездібай батыр - «Көк найзалы Жездібай» деп атап кеткен батыр бабаның сүйегі, тарихи деректер бойынша Мәртөк ауданына қарасты Хазірет селолық округі аумағындағы Жездібай өзенінің жағасына жерленген екен. Осы селолық округтің бұрынғы Березовка ауылы да бүгінгі күні Жездібай батырдың атымен аталады.