"Ұрпаққа мұра" акциясы аясында И.Цыба арнайы алдырған Мәртөк музейінің негізін қалаушы, Мәртөк ауданын 14 жыл басқарған А.Маркеевич құнды құжаттары, ҰОС ардагері әкесі Г.Зеленский медалдарын тапсырды. Мәртөк тұрғындары Н.Жамбосынова әр мемлекеттің құнды монеталарын тапсырса, Р.Жанғалиева өлкетанушы, ақын әкесі Сейтқали Жанғалиевтің шапаны мен масаты кілемшесін және Жанаева Жақұт үкілі бөрік, кажекей, шәй көрпеше табыстады.