Есентемиров Даулен құжаттары музей қорына тапсырылды
15 мамыр музейде Мәртөк ауылында ауылшаруашылығы саласында қызмет етіп, 2006 жылдары аудан әкімі орынбасары қызметінде болған Есентемиров Әкімгерей Дауленұлы арнайы келді. Музей қорында сақталған 101 атқыштар бригадасының құрамында майдан жорықтарында ерлік көрсеткен, ұлағатты ұстаз болған әкесі Есентемиров Даулен құжаттарын тапсырды.