Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Жүз жылдық жылнама" Облыстық "Ақтөбе газеті 100 жылдығына орай 6 қараша Мәртөк ауданында делегация келді

"Жүз жылдық жылнама" Облыстық "Ақтөбе газеті 100 жылдығына орай 6 қараша Мәртөк ауданында делегация келді. Құрамында:
«Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Раукен Сағызбайұлы Отыншин;
2. Қазақстанның Құрметті журналисі, «Мәдениет қайраткері», ҚР «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісінің иегері. Темір ауданының Құрметті азаматы, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Құрметті профессоры. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі Ертай Ашықбаев;
3. Облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Сәтжан Құлшарұлы Дәрібай;
4.Назарбаева Гүлсім Мұхамбедиярқызы «Актюбинский Вестник» газетінің бас редакторы
5. Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі Нұрмұханбет Дияров.
6.«Ақтөбе Медиа» ЖШС жазылу және тарату бөлімінің басшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов Бұрханұлы;
7. «Ақтөбе» газетінің әдеби редакторы Мұратбек Санақұлы Ержақыпов.
10. «Ақтөбе Медиа» ЖШС Дина Жибеналиқызы Алиева;
11. Ақтөбе» газетінің журналисі Мұқшаева Ақмарал Сайлауқызы.
12. Аян Аманғалиұлы Мерекешов «Ақтөбе Медиа» ЖШС видео-фото оператор
Ақтөбе Медиа» компаниясының директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин: — Биыл «Ақтөбе Медиа» серіктестігі үшін елеулі жылға айналып отыр. Себебі облыстық «Ақтөбе» газетіне 100 жыл толды. «Кедейден» басталған «Ақтөбе» кейінгі жылдарда «Алға», «Социалды жол», «Социалистік жол», «Батыс Қазақстан», «Коммунизм жолы» сияқты атауларды иеленді. Ал тәуелсіздіктің алдында газетіміз өзінің қазіргі «Ақтөбе» атауын алды. Бүгінде «Кедейден» кемелденген жағдайға жетіп тұрмыз,
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтөбе» газетінің 100 жылдығына байланысты құттықтау хатын жолдады. Сондай-ақ биыл бұқаралық ақпарат құралдары күніне байланысты Астана қаласында өткен салтанатты іс-шараға әр өңірден журналистер жиналды. Бүгінде «Ақтөбе» осы сабақтастықты сақтап, жүйрік журналистердің шығармашылық шеберханасына айналды.
Мәртөк ауданы әкімі Медет Жұмабайұлы аудан тарихындағы тарихи тұлғалар туралы атап өтті.