Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Дәстүрге жол" қазақ аналары қоғамдық бірлестігі №4 ЖОББМ-нің оқушыларымен этнозалда саяхат жасады.
Ұлт болашағы-ұрпақтың рухани өнегелі тәрбиесі.
Ата-бабамыздан келе жатқан салт дәстүрмен құнды жәдігерлерімізді насихаттау, үйрету үлкендердің парызы.
"Әжемнің ертегісі" айдарының "Жәдігер сыр шертеді" бөлімі бойынша "Ашамай" салт-дәстүріндегі ер-тұрман туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар балаларға ұлттық құнды жәдігерлерімізбен таныстырып түсіндірілді. Ұрпақ өткен тарихты біле отырып, құндылықтарды құрметтей білуі керек.