Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ"

15 маусым Мәртөк аудандық білім бөлімі мен Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен Мәртөк ауданынан шыққан тарихи тұлғаларды насихаттау мақсатында саяхат, жылжымалы көрме өткізілді.
Қобда ауданы, Әлия ауылында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 98 жылдық туған күніне орай ұйымдастырылған "Әлия" патриоттық орталығында "СОҒЫП ТҰР БАТЫР ҚЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ ӘЛІ..." шарасына Жайсаң орта мектебінің оқушылары, жетекшілері, музей қызметкерлері экскурсияға қатысты.Экскурсия жүргізген музей қызметкері Динара Сисенғалиева құнды тарихи мәліметтер беріп өтті. Патриоттық орталық жанында "атысу" , "қаруды тез жинау" кешенді патриоттық шаралар өткізіліп жатты.
"ӘЛИЯ" ескерткіші орналасқан саябақта сурет, кітап көрмелерін тамашалап, ескерткішке тағзым етілді.
Әлияның туған жері, ерлік жолы ұрпаққа үлгі.
Саяхат Қобда ауданы, Жиренқопа ауылындағы "Қобыланды" мемориалдық кешенінде жалғасты. Кешен директоры м.а Ақорын Манашева кешеннің жалпы аумағы, тарихы туралы кең көлемді ақпарат беріп өтті.
Қобыланды батыр – атақты тарихи тұлға. Шамамен XІV- XV ғасырларда өмір сүрген.
Мемориалдық кешен Қобыланды батырдың сүйегі қайта жерленген кесенеден, Даңқ залынан және белгі тастардан тұрады. Төбесінен қарағанда кешен қалқанның үстіне қойылған батырдың дулығасына және жанында жатқан садаққа ұқсайды.
Кешен Жиренқопа ауылының шығысындағы Ұлы Қобда өзенінің бойындағы жалпы аумағы – 2,06 га жерді алып жатыр.
Мәртөк ауданынан тарихи тұлғалар Едіге батыр, Жездібай батыр, Бөкенбай батыр, Есет батыр, әнші Молдабай, күйші Қамбар Медетов, тұңғыш дәрігер қыз Аққағаз Досжанова порттері, тұлғаларға арналған кітаптардан көрме қойылып, тарихи тұлғалар насихатталды.
Мәртөк ауданы мен Қобда ауданы шекаралас жатқан аумақтар.Тарихи тұлғаларды насихаттай отырып, тәжірибе алмасу, ұрпаққа тарихи кезеңдерден мәліметтер беру.
Жастарға патриоттық, рухани, мәдени тәрбие беру. Тарихи тұлғаларды тануда ат салысқан аудан басшыларына ризашылығымызды білдіреміз!