13 ақпан гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында Жайсаң арнайы білім беру ұйымының 9 класс оқушылары, мектеп түлектері музейге арнайы келді.
Жетекшісі мектеп директоры, тарих пәні мұғалімі Сәрсенбаев Бекболат Өтеуұлы, тарих пәні мұғалімі Аманғосов Асхат.
"Өлкеміздің шежіресі сыр шертеді" тақырыптық экскурсия өткізіліп,
ауданымыздың көрнекті әнші, композиторы Тәңірберлі Молдабай туғанына 165 жыл, өлкетанушы, ақын Сейтқали Жанғалиев туғанына 110 жылдығына орай "Заманының ән тербеген ақыны мен шайыры" танымдық сағатта ақпарат берілді.
Мақсаты: өлкеміздің тарихи кезеңдерінен ақпарат беру.Өлкемізді ән, жырымен тербеткен ақын, әнші, композитор, сал-сері Тәңірберлі Молдабай және өлкетанушы, ақын, шайыр Сейтқали Жанғалиев тұлғасын ашу, шығармашылығынан ақпарат беру.Туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, патриоттық рухты қалыптастыру.
@jaisan.abbu