Музей ережесі
1.1. Осы Ереже музейге келушілердің музей ғимаратында және аумағында болу тәртібін, сондай-ақ музей экспонаттарын сақтау және қорғау талаптарын белгілейді. 1.2. Музейге келген әрбір келуші осы Ереженің талаптарын сақтауға міндетті. 1.3. Музей келушілерге тарихи-мәдени мұралармен, музей экспозицияларымен және көрмелермен танысуға мүмкіндік береді.